28.12.2017, 17:24
Қараулар: 325
Әріптесіміз үздік атанды

Әріптесіміз үздік атанды

Жақында Сырым аудандық сотында қуанышты оқиға болды. Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мерекесіне орай және Жаңа жылдық мереке қарсаңында аудандық соттың бас маманы, Нұрабалиева Гүлсара Кеңесқызының  өңіріне ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі тағылды. Аталмыш марапат  Г.Нұрабалиеваға ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2017 жылғы 29 қарашадағы №6001-17-7-4/284 өкімімен  департамент басшысы Н.Шәріповтың қолымен заңды күшіне енсе, марапатты БҚО бойынша  соттар әкімшісінің  басшысы Н.Қажғанов салтанатты түрде тапсырды.

Әріптесіміз Гүлсара Кеңесқызы сот саласындағы ұзақ жылғы жемісті  қызметі, сондай-ақ, түрлі спорттық шараларға белсенді  қатысқаны үшін бұған дейін де түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған еді.  Жаңа жыл қарсаңында  өңіріне  тағылып отырған медаль да Г.Нұрабалиеваның өз ісіне білгір маман, халықпен тіл табыса білетін іскер жан екендігін дәлелдеп отыр.

Н.Ескабулов,

Сырым аудандық сотының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар