21.12.2017, 11:37
Қараулар: 429
Мереке күнгі марапаттар

Мереке күнгі марапаттар

ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Шарада Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, бірқатар үздіктерді «Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен», «Сырым ауданының Құрмет грамотасымен» және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен қатар Сырым аудандық Ішкі істер бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы А.Жұмажанов бірқатар ішкі істер ардагерлері мен қызметкерлеріне «Кеңес милициясына – 100 жыл» , «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» және «Милициядағы қызметі үшін» медальдарін табыстады. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қ.Жакиев пен аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының жас ақындар үйірмесінің жетекшісі М.Жампозов тұрғындарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, олар ширек ғасырдың ішінде еліміз өзінің даму арнасын тапқан, қорғаныс қабілеті бекемденген елге айналғандығын тілге тиек етті.

Шараның екінші бөлімі «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Мархат ТҰРЛАНҚЫЗЫ

*       *        *

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шарада  бір топ сала қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі жасалды.

Марапатқа ие болғандардың арасында «Сырым елі»  қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы,   журналист М.Айташев  полиция саласындағы жетістіктерді ақпарат саласында насихаттау бағытындағы жетістігіне орай ҚР полициясына  25 жылдық мерекелік медаліне ие болса, полиция ардагерлері Сатан Мырзабеков «Құрмет ардагері», Самат Шоқанов, Батыр Жұмағазиев «Совет милициясына 100 жыл» мерекелік медальдармен  «ҚР Ішкі істер  органдары мен ұлттық Ұлан ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы, доғарыстағы полиция полковнигі  Ж.Адаевтың ұсынбасы бойынша марапатталды.

Алтай Жұмажанов,

Сырым аудандық  ішкі істер

органдары ардагерлерінің бастапқы ұйымының төрағасы

*       *        *

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева ардагер ұстаздарды қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беріп, еңбегінің нәтижесінде  бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындаған ардагер ұстаздарға алғыс білдірді. Аға буын ұстаздар бүгінгі бала тәрбиесіне, оқыту процесіне қатысты пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұстаздарға көмек қолын созуға дайын екендіктерін айтты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар