14.12.2017, 16:19
Қараулар: 199
Еліміз үшін маңызды мереке

Еліміз үшін маңызды мереке

07.14.12.17_Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялағаны баршамызға аян.

Қазақстан бүгінде өзінің салиқалы саясатының арқасында әлемдік қоғамдастықтан берік орын алды, бейбітшілікті жақтайтын ел ретінде әлемге танылды.

Тәуелсіздік күні – еліміз үшін аса маңызды мереке. Жылдан-жылға еліміздің еңсесі тіктеліп, әлем елдері алдында беделі биіктеген сайын бұл күннің де мерекелік рухы асқақтап, әрбір қазақстандық азамат үшін айрықша атаулы күнге айналып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында елімізді қиын-қыстау кезеңнен шығарып, биік асуларға жеткізген ұлы тұлғамыз – ол, әрине, біздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты.

Н.Кайыржанова,

Сырым аудандық әділет

басқармасының басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар