14.12.2017, 16:10
Қараулар: 415
Мерекеге арналды

Мерекеге арналды

06.14.12.17Тұңғыш Президент күніне орай футзалдан ашық турнир, Сырым ауданы, Қазақстан ауылында мектеп директоры М.Исламғалиев, мектептің ДТІЖО А.Стаев және мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Мұратовтың қолдауымен өтті.

Ашық турнирге әр ауылдардан 10 команда, атап айтар болсақ Қазақстан ауылынан екі команда «Мектеп» командасы және мектептің «Кіші қызметкерлері» командасы, Талдыбұлақ ауылынан «Талдыбұлақ мектебі», «Талдыбұлақ А/О» командалары, Қарағанды ауылынан «Қарағанды мектебі», «Қарағанды А/О» командалары, «Студент-1», «Студент-2» командалары, «Александров А/О» командасы және «Орал» командасы қатысып бақтарын сынады. Аталмыш ашық турнирде жүлделі төртінші орынға «Қарағанды А/О» командасы ие болды. Ашық турнирдің үшінші орынын «Студент-1» командасы, екінші орынды «Мектеп» командасы, ашық турнирдің жеңімпазы «Орал» командасы атанды. Жеңімпаз командаларға дипломдар мен кубоктар табыс етілді. Ашық турнирдің «Ең үздік сұр мергені» атағын «Орал» командасынан (15 доп соққан) Ибат Нұрхан иеленді. Турнирдің «Үздік ойыншысы» атағын «Мектеп» командасынан Мұратов Бекарыс, «Үздік қақпашы» атағын «Мектеп» командасынан Демеу Сұңғат, «Үздік қорғаушы» атағын «Кіші қызметкерлер» командасынан Халелов Рамазан жеңіп алды. Болашақта ашық турнирді облыс көлемінде өткізу жоспары бар. Бұл ашық турнирдің басты мақсаты, жастарды спортқа, дене қасиетінің дамуына, ынтымақтастыққа және де достыққа баулу.

Әліби Кеңес,

БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті Сырым аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар