14.12.2017, 16:08
Қараулар: 486
Басты мақсат – адал ұрпақ тәрбиелеу

Басты мақсат – адал ұрпақ тәрбиелеу

Аудандық білім беру бөлімі және мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің 24 түрі бойынша қызмет көрсетілуде. Қазіргі таңда білім беру бөлімі бойынша көрсетіліп жатқан 26 қызметтің ішінде 7-еуіне электронды үкімет порталы арқылы жүгінуге болады. Жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру бойынша барлық сұрақтар білім бөлімі жанындағы алқа отырысы жиналысында қарастырылды.

Білім бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері арасында жемқорлық фактілеріне жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстар өткізіледі. Сыртқы бастаулардан немесе тиімсіз бағалық ұсыныстар бойынша мемлекеттік сатып алуларды іске асыруға мүмкіндік беретін жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында сұйық отын алу, күрделі және ағымдағы жөндеу, құрылғылар алу және т.б. бойынша сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алуларды іске асыру туралы сайтта жарияланады. Ауданның білім беру мекемелеріне және білім бөліміне жұмысқа қабылдау кезінде және жалпы білім беретін мектеп директорларының лауазымдық бос жұмыс орнына конкурс өткізу кезінде ҚР заңнамалары басшылыққа алынады.

Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің директорлары «Жаңа заманғы кезеңде білім беру қызметі жүйесінде жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды мәселелері» тақырыбындағы біліктілігін арттырудың курстық даярлығынан өтеді.

Аудандық білім беру бөлімінде арыздар мен ұсыныстар жәшігі, хаттар мен ұсыныстарды тіркеу журналы (нөмірленген, тігілген және мөрленген) бар. Білім бөлімі басшысының жеке мәселер бойынша азаматтарды қабылдаудың кестесі бекітілген. Білім бөлімінде 31-3-20 нөмірлі сенім телефоны қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім ғимаратында Қазақстан Республикасының «Әдеп кодексі», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары бойынша ақпарат орнатылды. Сенім телефоны мен ұсыныстар үшін жәшік қойылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының   2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілген.

З.ЕрҒазиева,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы