7.12.2017, 15:24
Қараулар: 213
Болашаққа ұтқыр қадам

Болашаққа ұтқыр қадам

Ең алғаш Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесіне қайта оралу туралы айтып өткен болатын. Сол уақыттан бері мамандар мәселені зерттеп, нақты ұсыныстар беріп, міне бүгінде бастама қолға алынып, тарихи шешім қабылданып отыр.

Қайта жаңғыру заманында әліпбиді қайта жаңғырту да еліміз үшін үлкен құбылыс болып табылады. Латын әліпбиі озық технологияның үлгісі, латын әліпбиін енгізу мәдениет пен білімде, өнер мен ғылымда дара жол ашуға серпіліс.

Латын әліпбиінің артық­шылықтарына тоқталар болсақ, біріншіден, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын, ішкі және сыртқы жағдайларды алға қоюда әлемдік кеңістікте кең тараған әліпбиді тұтыну дүниежүзілік кеңістікке шығу мүмкіндігімізді кеңейтеді, екіншіден, тілдің тазалығы сақталады, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтаймыз, шетелдіктерге қазақ тілін меңгеру оңайырақ болады, үшіншіден, бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесіне латын әліпбиінің еңгізу жаңашылдық пен үлкен бастамаларға алып барады.

Латын әліпбиінің бұл үш артықшылығынан да тиімді тұстары көп. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жеміс әкелері сөзсіз. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

А.Утепов,

ҚР АШМ АӨК МИК

Сырым аудандық аумақтық

инспекция басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар