9.11.2017, 16:07
Қараулар: 295
Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық жасау – асыл қасиет. Қоғамдағы адамдардың бір-біріне қайырымдылығы немесе жекелеген мекемелердің кейбір жандарға қол ұшын созуы қоғамның басқа да өкілдеріне жылу сыйлап, қуанышқа бөлейді. Себебі, қуанышты бөліссең көбейеді дегендей, қайырымдылық айында жасалған игі істер басқаларды да жақсылық жасауға итермелейді. Қазан айы – қайырымдылық айы екені барлығына да аян. Осы тұста, Алматы қаласында оқып жатқан студенттерге ел ағаларының қолдау көрсетуі – үлкен мәртебе. Сондай ігі істердің бірі – «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университетінде оқып жатқан жерлес 4 студентімізге «Дәдем ата» қорының төрағасы Ғарифолла Жамбозов ағамыз өз қолдауын білдіріп, әрқайсысына 15 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетті. Әрдайым ауданымыздың мешіттеріне қолдау көрсетіп, көмек қолын созып келеді. Осы орайда Ғарифолла ағамызға игі істері үшін алғысымызды білдіре отырып, деніне саулық, отбасына амандық, алдағы уақытта ісіне сәттілік тілейміз. Әр кез жақсылық жасап, жан-жағымыздағы жерлестерімізге қолдау білдіруде белсенділік танытайық.

Айбар Ергенұлы,

«Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚБ төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар