9.11.2017, 16:00
Қараулар: 208
Мүлікті және кірісті декларациялау

Мүлікті және кірісті декларациялау

Мүлікті және кірісті декларациялау дегеніміз жыл сайын салық декларациясын тапсыру деген сөз. Яғни, қандайда бір лауазым иесі қызметкер өзінің табысын еш жасырусыз айтып отыру керек.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі     экономиканы және сыбайлас жемқорықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу — мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шарттардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер: жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу, кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау, жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру, декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету және жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып табылады.

Кірістерді декларациялау көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға, мемлекеттік   органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне, салық базасын кеңейтуге және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға, қылмыстық іздестірулердің тиімділігін, Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №412-V Заңмен (бұдан әрі-Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заң) жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен өту көзделген:

Бірінші кезең 2017 жылдан бастап — мемлекеттік қызметкерлер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компанияның қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

Екінші кезең 2020 жылдан бастап- барлық қалған жеке тұлғалар.

Заңмен жалпыға бірдей декларациялау бойынша Заңның 11-бабында 01.01.2020 жылдан бастап қолданылатын Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заңды жүргізу бөлігіне өзгерістер енгізілді, яғни декларациялау мерзімін 2020 жылдан бастап бір кезеңде көшіру көзделген.

Осыған байланысты, Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заңда бұрын көзделген 01.01.2017 жылдан бастап қолданылатын барлық нормалар 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Декларациялау жүйесіне енген кезде 2020 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды және т.б., сондай-ақ жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша міндеттемелерін көрсету қажет.

А.ИшанҒалиева,

Сырым ауданының әділет                   басқармасының жетекші маманы