9.11.2017, 15:49
Қараулар: 306
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

02.09.11.17БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «НұрОтан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында «Кедергісіз болашақ» атты ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел сағатында мүмкіндігі шектеулі жастардың құқығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А.Бекжанов сөз алып, облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі жастарға көрсетіліп жатқан көмектер туралы айтты. Сондай-ақ, «Жас қанат» ЖҚБ төрағасы – А.Сейтимов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Е.Құспанов мүмкіндігі шектеулі жастарға жасалып отырған қамқорлықтар, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінулері бағытындағы іс-шаралар бағытында тоқталды.

Отырыс соңында Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психологы – А.Капашева мүмкіндігі шектеулі жастармен әңгімелесіп,түсіндіру жұмысын жүргізді.

Д.ЕРҒАЛИЕВА,

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы