2.11.2017, 16:26
Қараулар: 432
Мәселелер оңды шешімін табуда

Мәселелер оңды шешімін табуда

01.02.11.17«Нұр Отан» партиясы – елдің саяси өмірінде маңызды рөл атқарып отырған белді ұйым. Қарапайым жұмысшыдан бастап, билік өкілдеріне дейінгі көптеген салаларда мүшелері бар партия халыққа етене жақындығымен, жетекші партияға айналды. Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Нұр Отан» партиясы билікті халықпен барынша жақындастыра түсетін алтын көпірге айналуы тиіс», – деген болатын. Осы қағидатты жүзеге асыратын – партияның қоғамдық қабылдау бөлімі. Бұл бағытта «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында да елеулі жұмыстар атқарылуда. Партияның аудандық филиалында арнайы кабинеті бар, қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілді.«Нұр Отан» партиясының ХV съезі, онда қабылданған Доктрина біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеді. «Нұр Отан» – қашан да халықтың партиясы болып келді, бұл ұстаным бүгін де жалғасуда. Доктринада да басты құндылығымыз – адам екені айтылған. Біз халықтың, адамдардың мұң-мұқтажына, проблемаларына бей-жай қарай алмаймыз. Қоғамдық қабылдауға келетін азаматтар көбіне жұмысқа орналасу, заңдық кеңес алу, әлеуметтік көмек алу, т.б. мәселелер бойынша өтінішпен жолығады.

Аудандық партия филиалы аудандық «Жұмыспен қамту» орталығымен бірлесе жұмыстар атқаруда. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы және түрлі мекемелер, «Сайнов А» ЖШС, «Сырым» НС, «Жібек Жолы», «Мүтір», «Серік», «Атамұра» шаруа қожалықтары сынды жұмыс берушілермен тікелей де байланысып, өтінішпен жолыққан азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек қолын соғуда. Әр қоғамдық қабылдауда қаралған мәселелер мен олардың шешімдері туралы депутаттардың «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына келіп есеп беруі де олардың жауапкершілігін арттырып қоймай, азаматтардың мәселелерінің оң шешім табуына ықпал жасап отыр.

Жыл басынан қазан айына дейін 279 адам қоғамдық қабылдауға келген. Олардың ішінде білім беру саласы бойынша – 10 (3,6%), денсаулық – 27 (9,6%), әлеуметтік қамсыздандыру – 24 (8,6%), жұмысқа орналасу бойынша – 114 (40,8%), заңдық кеңес алу – 13 (4,6%), баспана мен жер телімдерін бөлу – 52 (18,6%) , тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 31 (11,1%) және т.б. өтініш келіп түскен. Ал, қалған азаматтарымыз басқа да жеке мәселелері, қоғамдық проблемалар туралы өтініштерін де айтты. Қаңтар айынан бастап, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, депутаттар және мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының басшылары қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелердің 95 (34%) оң шешімін тапты. Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жемқорлық фактілері туралы да азаматтарымыз «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына жолығуға болады. Бұл бойынша “Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес» жұмыс жасауда. Бір сөзбен айтқанда, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы – елдің мұңын, халықтың талап-тілегін ескеріп, тиісті орындарға жеткізу үшін, қоғамдық қабылдауды жүргізген депутаттар сол өтініш-тілектің орындалуы жолында қызмет етеді. Сондықтан да, аудан тұрғындары толғандырған мәселелері, өтініш, талап-тілектерімен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өтетін қоғамдық қабылдауға жолығуға болады.

Мемлекет басшысының Ұлт жоспары — бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 30 және 31-қадамдарын орындау мақсатында әзірленген. Елбасы жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру керектігі туралы тапсырма жүктегені белгілі. Осыған байланысты, жергілікті полиция құру Ішкі істер органын оңтайландыру жолымен жүзеге асырылды, оның құрылымына учаскелік инспекторлар, жол полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, сонымен бірге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау болып табылады. 2017 жылдың 9 айында Сырым АІІб Жергілікті полиция қызметінің басшысы партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдаған 12 азаматтың 10 (83,3%) оң шешімін тапты.

Аудан бойынша жыл басынан желілік кестеге сәйкес, «Әділет кеңес береді», «Эскпо-ға ұсынамыз», «Жолда қабылдау» акциясы, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру бойынша және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциялары, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында егде буын өкілдерін әр түрлі мәселермен тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырылып келеді.

Балым Мирманова,

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының

Кеңесшісі