12.10.2017, 15:56
Қараулар: 271
Сессиядағы маңызды мәселелер

Сессиядағы маңызды мәселелер

03.12.10.17Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев жүргізді. Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутаты, облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Нұрмұханов, аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудан әкімі аппараты басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессияда күн тәртібіндегі төмендегі мәселелер қаралды:

«Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 2017- 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов, «Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ө.Уашев хабарламалар жасады.

Сессияда кейбір мәселелер бойынша аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева хабарлама жасады. Сессия барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, пікір айтылды. Жиынды аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.

Мархат Тұрланқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар