12.10.2017, 15:25
Қараулар: 318
Баланы бұзақылықтан сақтайық!

Баланы бұзақылықтан сақтайық!

12.12.10.17Сырым аудандық білім беру бөлімінде аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов білім саласының тәрбиеге қатысы бар педагогтарымен кездесті. Кездесуге аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева, бас мамандары, мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, психологтар, әлеуметтік педагогтар, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Қ.Төремұратов пробацияның азаматтар үшін жұмысқа орналасуға, әлеуметтік қамсыздандырылуына зор пайдасы бар екенін айта келіп, жасөспірімдердің қылмысының алдын алу, мектептің ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауы, есепте тұрған оқушыларды жіті қадағалау, педагогтардың имаммен байланыста болуы мәселелері туралы қозғады. Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында ата-аналармен, оқушылармен жиналыс өткізу қажеттігін жеткізді.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева аудандағы 22 мектепте жасөспірімдердің қылмысының алдын алуға орай жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы айтты. Жергілікті полиция басшысы Е.Журалиев балалардың жолда жүру ережесі, кешкілік мектептен жай қайтатын балаларды сабақтан қарсы алу мәселелерін көтерді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар