12.10.2017, 15:23
Қараулар: 322
“Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз”

“Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз”

04.12.10.17Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше қамқорлықты қажет ететін жандар арасында аудандық фестиваль өтті.

Бұл фестивальдің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүмкіндігі шектеулі жандарды етене араластырудың тиімді тәжірибесін көрсету.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов сөз сөйледі. Аудандық фестиваль 3 жанр бойынша оздырылды. Олар: эстрадалық вокал, көрме, көркемсөз оқу. Эстрадалық вокал жанры бойынша аудандық мәдениет үйінің музыка жетекшісі Б.Қанатов, аудандық мәдениет үйінің мәдени–демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маманы С.Жұбаниязова, көркемсөз жанры бойынша аудандық мәдени-көпшілік шаралардың режиссері А.Лұқпанова, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балалар бөлімінің меңгерушісі Т.Ғаббасова, «Үздік жасампаз» жанры бойынша аудандық мәдениет үйінің суретші–дизайнері А.Сәлімұлы, БҚО мүгедектер ерікті қоғамының Сырым аудандық филиалының төрайымы Б.Сәңкібаева қазылық етті.

Қорытындысында эстрадалық вокал номинациясы бойынша жүлделі 1 орынды Жетікөл ауылдық округінен А.Рахметова, 2 орынды Бұлдырты ауылдық округінен С.Нәсіпқалиев, 3 орынды А.Кажимов иемденсе, көркемсөз номинациясы бойынша 1 орынды Б.Ысқақова, 2 орынды Ф.Хамидолла, 3 орынды Қ.Нұрашева алды. Ал соңғы «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша жүлделі 1 орынды Е.Болат, 2 орынды А.Төремұратова, 3 орынды А.Есімова иеленді. Жеңімпаздарды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов арнайы алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Мархат Гумарова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар