21.09.2017, 16:52
Қараулар: 384
Рухани жаңғыру – қоғамның басты негізі

Рухани жаңғыру – қоғамның басты негізі

02.06.04.17«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында партияның Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев төрағалық етті.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының жұмысы туралы партияның филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев баяндама жасады. Жарыссөзге шыққан Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Досжан Тайшиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Перизат Илашева, «Нұр Отан» партиясының саяси бюро кеңесінің мүшесі, С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын, оның аясында жасалған жұмыстарды атап, латын әліпбиіне көшуді қолдайтындықтарын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеде Батыс Қазақстан облыстық партия филиалының ХХІ конференцияға делегаттар бірауыздан сайланды.

Шынар Яудақызы