21.09.2017, 16:49
Қараулар: 332
Жаңа тұрғын үй саясаты жүзеге асырылуда

Жаңа тұрғын үй саясаты жүзеге асырылуда

02.06.04.17«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиевтің төрағалығымен аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдары және Саяси кеңес Бюросының мүшелерінің қатысуымен өткен аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің 2017 жылғы 9 айының есебін тыңдау барысында осы жөнінде айтылды.

«Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы аясында   Сырым ауданы бойынша жалпы құны 126 млн. 400 мың теңге болатын жалпы алаңы 2949,0 шаршы метрды құрайтын 24 жалға берілетін тұрғын үй Жымпиты және Бұлдырты ауылдарында салынуда. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салу барысында жергілікті 20 азаматтар еңбекке тартылып, қосымша жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар ауданда тұрғын үй мәселесін шешу бағытында аудан орталығынан үш қабатты тұрғын үй құрылысын салуға 2017 жылы аудандық бюджеттен жобалық сметалық құжаттарын жасақтау үшін 3 млн. 908 мың тенге қаржы қаралып, құжаттары жасақталуда. Аудан орталығы Қарасу мөлтек ауданынан салынатын бұл үш қабатты тұрғын үй баспанаға мұқтаж көптеген отбасылардың мәселесін шешетіні анық.

Денсаулық — басты байлық. Таза ауыз су адам денсаулығының басты факторы десек, аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында   «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жалпы құны 306 млн. 172 мың теңгеге Аралтөбе ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылыс жұмысын уақытылы, сапалы аяқтау біздің басты міндетіміз, – деді аудандық сәлет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетің атқарушы Артур Искаков.

Сонымен қатар А.Искаков өз сөзінде ауданда жүргізіліп жатырған құрылыс нысандарының уақытылы, сапалы аяқталатынын, сондай – ақ бөлінген қомақты қаражаттардың толықтай уақытылы игерілетінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ жиын барысында сөз алған аудандық мәслихаттың депутаты Серік Тоқмамбетов Асадуллин және Исаев көшелеріндегі 14 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының барысымен және қолдануға берілетін мерзімін нақтылап, аудандағы жалпы құрылыс жұмыстарының уақытылы, сапалы аяқталуына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық мониторинг және бақылау тобы да мүдделі екендігін айтты.