21.09.2017, 16:43
Қараулар: 223
«Қайталама қылмысқа – еңбекпен тосқауыл»

«Қайталама қылмысқа – еңбекпен тосқауыл»

09.21.09.17«5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша — 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 33-қадамында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік сауықтырудың тиімді жүйесін құрастыру қарастырылған.

Сырым аудандық прокуратурасымен «Қоғамға сен қажетсің. Ресоциализация» жобасы аясында аймақтағы пробация қызметіндегі есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мақсатында жиын өткізілді.

Жиынға пробация қызметіндегі есепте тұрған тұлғалармен бірге аудан әкімшілігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі, кірістер басқармасы, аурухана қызметкерлері және жергілікті полиция қызметі мен пробация қызметінің инспекторлары қатыстырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу мақсатында оларға міндеттері қосымша түсіндірілді. Жаза өтеу тәртібін бұзу, қайта қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарлары сотталғандарға ескертілді.

Сонымен қатар, есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру бағытында аудандық жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасы арқылы оқуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсетілетіндігі түсіндірілді.

2017 жылдың қыркүйек айының өткен мерзімінде Сырым аудандық пробация қызметі бөлімінде 12 адам есепте тұр. Олардың ішінде бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар 4, шартты түрде сотталғандар 4 және белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырылғандар 4 адам.

Өткізілген шара нәтижесінде аудандық пробация қызметінде бақылауда тұрған 13-тұлғаның 5-уі бұған дейін жұмысқа орналастырылды.

Кездесу нәтижесінде 4 тұлға жұмыспен қамту орталығына жұмыс қажет ететіндер есебіне тіркеліп, 1 адам кәсіпкерлік оқу курстарына жолданатын болды, 2 адам қазан айынан бастап маусымдық жұмысқа орналасатын болып келісімдерін берді.

Уәкілетті органдар мен әрбір есепте тұрған тұлғаны бір «тілдесу алаңына» кездестіру тәсілі оң нәтижеге қол жеткізудің жолы екендігі өз дәлелін тапты.

Сырым аудандық прокуратурасы