21.09.2017, 16:40
Қараулар: 332
«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік»

«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік»

01.21.09.17«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» атты жоба аясында облысымызда ақпараттық топ құрылып, аудандарды аралап жүр. Мұндай ақпараттық топ Сырым ауданына да келді. Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік саясатты түсіндіріп, халықтың заң тұрғысындағы сауаттылығын арттыруды мақсат тұтқан ақпараттық топ Талдыбұлақ, Тасқұдық ауылдарында болды.

Ақпараттық топ құрамында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Исқақова, облыстық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Анар Амантаева, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары Бақыт Ортанбаева, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Берік Иралиев, №7 Орал қалалық емхана басшысы Гүлнар Әуелбаева, №2 қалалық емхана педиатры Ақыл Қуанова, №5 емхана терапевті Гүлара Омарова бар.

Тасқұдық, Талдыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу жиыны өтіп, оған Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов қатысты. Облыстан келген өкілдер «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», жеке оңалту, «Өрлеу» бағдарламалары, халықтың әлжуаз топтарына көрсетілетін көмектер, әлеуметтік төлемдерді реттеу, әйел адамдар үшін зейнатақы жасының ұлғаюы, ветеринария, сарып ауруы жайында кеңінен түсінік берді. Жиналыстан соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА