21.09.2017, 16:38
Қараулар: 231
Террорлық қауіп-қатерге дайындық

Террорлық қауіп-қатерге дайындық

02.21.09.17«Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы аясында «Террористік қауіп-қатерге дайындық» жұмыс тобы Сырым ауданы активімен кездесіп, антитеррорлық қорғаныс жайында түсінік жұмыстарын жүргізді. Топ құрамында БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Ахаев, жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Бақытберген Утеев, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Арман Дюсекенов, департаменттің экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Миржан Омаров бар.

Жиында күн тәртібіндегі мәселе – террористік қауіп-қатерге дайындық жайында ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Ахаев пен департаменттің экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Миржан Омаров хабарлама жасады. М.Омаров жарылғыш құрылғылардың белгілерін атады. Сым, жіптер, изолента, белгісіз сөмке, шабадан, қорап, күмәнді дыбыстар, сағаттың соғуы, немесе басқа да түсініксіз иістер жарылғыш құрылғының болуының белгілеріне жатады. Егер жарылғыш заттың белгілеріне сай келетін түсініксіз нәрсені көрсеңіз, оны ұстамау керек. Қасында шылым шегуге, ұялы телефонмен сөйлесуге болмайды.   Халық көп шоғырланатын аялдама, дүкен, саябақ, тағы басқа жерлерде орнатылуы мүмкін.

Сырым ауданында террроризм тұрғысынан осал нысандардан І санатқа жататыны, яғни, аса маңызды мемлекеттік нысандар – 5, ІІ санаттағы стратегиялық нысандар – 2, ІІІ санаттағы қауіпті өндірістік аймақ – 1 болса, ІV санаттағы халық көп жиналатын орын – 15 екен.

Аудан активіне телефондық лаңкестікті болдырмау, оның зияны жөнінде бейнеролик көрсетілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар