14.09.2017, 16:41
Қараулар: 373
Шолақаңқатыда газдың алауы жағылды

Шолақаңқатыда газдың алауы жағылды

07.14.09.17Шолақаңқаты ауылдық округінде салтанатты түрде көгілдір отынға қосу, алау жағу рәсімі өтті. Тоғанас, Аңқаты, Құспанкөл, Қарағанды елді мекендері газға қол жеткізіп, аудан түгелдей газдандырылды.

Шараға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, БҚО энергетика, тұрғын үй, және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ахмет Ғұбайдуллин, ауылға дейін газ құбырының құрылысын жүргізген «Алия-сервис» ЖШС директоры Әнуар Марданов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты шараға сондай-ақ, ауылішілік құбырларды тартқан «Эко Даши ГазиК» ЖШС директоры Қ.Гусманов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары А.Кайбалиев қатысты.

Көгілдір отынның алауын жағу рәсімін аудан әкімі Т.Төреғалиев, Шолақаңқаты ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Қуандықов және «Алия-сервис» ЖШС директоры Әнуар Марданов жүргізді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар