14.09.2017, 16:35
Қараулар: 246
«Конверттегі» жалақы

«Конверттегі» жалақы

Көлеңкелі экономиканың бөлігі ретінде, «конверттегі» еңбекақы біздің өмірімізге мықтап енді және бүгін қоғам үшін көптеген проблемаларды тудырады. Жалақыларын жұмысшылардың өздері «заңдастыру» қажет.

Егерде кәсіпкер Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек шартын жасамаса, Сіздің жұмысыңыз іс жүзінде заңсыз болып табылады, және Сіз көп нәрсені жоғалтасыз, атап айтқанда:

  • Сіздің еңбек кітапшаңызға осы жұмыс кездегі жазбалар жүргізілмейді;
  • жұмыс беруші Зейнетақы қорына жарналар төлемейді, бұл зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;
  • жұмыссыздық жағдайында, жұмыстың бейресми кезені сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін көмек мөлшері мен төлеміне әсер етеді;
  • ауырған жағдайда, Сіз еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайсыз;
  • өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда сіз сақтандыру төлемдерін алу кепілдігін жоғалтасыз;
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап)

Қызметкердің құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, жоғарыда аталған салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді болдырмау, әлде азайту үшін, жұмыс беруші еңбек шартын жасамай қызметкерді жұмысқа қабылдайды немесе еңбек шартын жасау кезінде жалақыны төмендете көрсетіп, қалған бөлігін қызметкерге «конвертпен» береді. Бұл әдісті, төленетін салық және жарналар мөлшерін азайту мақсатында жорықсыз жұмыс берушілер қолданады. Қолданыстағы заңнаманың тұрғысынан заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің мұндай әрекеттері заңсыз болып табылады.

Жұмыс берушіге «конверттегі» жалақы үшін алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырған, бірақ кейде заңда белгiленген салықтарды төлемеу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Бүгінгі күні, салық және өзге де заңнамалар, жалпы салықтық жүктемелерді азайтуға және экономиканы жаңғыртуға ықпал ететін, оның ішінде жалақы мәселесі бойынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан жұмыс берушілер мен қызметкерлерді ҚР салық және еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Белгілі бір мерзімге кірістерін ұлғайту арқылы өздерін конституциялық қорғаудан айыралатындығын азаматтардың түсінулері қажет. Өзіңді және қарттықты қорғаңыз – жұмыс жасап, заңды түрде жалақы алыңыз! «Конверттегі» жалақы немесе жалақының ең төмен мөлшерінен аз алған фактілер болған жағдайда, Мемлекеттік кірістер департаментіне және БҚО еңбек инпсекциясы бойынша басқармасына (Достық-дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86) хабарласуыңыз сұралады.

Арман Тұйғынбетов,

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар