14.09.2017, 16:14
Қараулар: 397
Отбасы күніне арналды

Отбасы күніне арналды

02.14.09.17“Қайсар” спорт клубының ұйымдастыруымен “Отбасы күні” мерекесіне арналған шағын футболдан аудан біріншілігі болып өтті. Спорттық шараға жалпы 6 отбасылық команда қатысты.

Елімізде республика бойынша аталып өтетін бұл шараның маңызы зор. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау бағытындағы өткен шағын футбол жарысына отбасы мүшелері өте жоғары белсенділікпен ат салысты. Қорытынды нәтижеде жүлделі I, II, III орындарды Кажимовтар, Чукуровтар және Жаймановтар отбасылық командалары иемденсе, жеңіске деген жігері үшін Молдашевтар, Қыдыралиндер, Абдрахмановтар отбасылық командалары арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен, “Ең үздік қақпашы”   Е.Чукуров, “Ең үздік ойыншы” М.Қанапия, “Ең үздік мерген ойыншы”   Б.Кажимов, “Ең үздік шабуылшы” аталымдарын Б.Бекниязов иеленсе, ардагер ойыншы Б.Абдрахманов, жас ойыншы Э.Досқалиевты “Қайсар” спорт клубының директоры Б.Ертілеуұлы құттықтап, арнайы сыйлықпен, дипломдарды табыс етті.

Мархат Тұрланқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар