7.09.2017, 15:56
Қараулар: 296
Жаңа мектепте

Жаңа мектепте

04.07.09.17Салтанатты жиын мемлекеттік әнұран ойналып, мемлекеттік тудың көтерілуімен басталды. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева, ауыл ақсақалы Сайын Панағожин құттықтау сөз сөйледі. Мектептің жөндеу жұмыстарын жүргізген «Өркен Сервис» ЖШС-нің бас инженері Асылбек Бақтығалиев мердігердің атынан мектепке музыкалық аппаратура табыс етті.

Оқушылар жаңа мектептеріне деген қуаныштарын әнмен, бимен жеткізді. 1 сынып жетекшісі Самал Ақмамбетова мектеп табалдырығын аттаған 21 оқушысымен ортаға шығып, бүлдіршіндер тақпақ айтты. 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына сауат ашу кітабын табыс етті.

11 сынып оқушысы Ғани Халит пен 1 сынып оқушысы Гүлмаржан Есболсын қоңырау соқты.

Алғашқы қоңырау салтанатынан соң, әр сыныпта «Мен – елімнің патриотымын!» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар