7.09.2017, 15:54
Қараулар: 436
Ата Заң күніне арналды

Ата Заң күніне арналды

02.07.09.17

Аудандық мәдениет үйінде Конституция күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Мемлекеттік әнұранымыздың асқақтала шырқалуымен мерекелік шара басталды. Салтанатты жиында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев сырымдықтарды Конституцияның 22 жылдығымен құттықтап, Ата Заңымызды мемлекетіміздің алтын қазығы санап, оны қастерлеу әр азаматтың парызы екенін атап өтті. Аудан басшысы елеулі еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының «Ата Заңым аялайды елімді» атты мерекелік концертке ұласты. «Сырым сазы» фольклорлық ансамблі, дәстүрлі әншілер шеруі залды домбыраның күмбіріне бөледі.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар