7.09.2017, 15:51
Қараулар: 389
Салық саясатының жаңа бағыты

Салық саясатының жаңа бағыты

10.28.07.16Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арналған биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауы мазмұны бойынша мемлекетіміздің экономикалық өсуінің жаңа моделін құруды көздеген маңызды және өзекті бағдарламалық құжат. Еліміздің нақты жаһандық бәсекелестікке қабілетті ел болып, табысты өткен екі жаңғырудан мол тәжірибе жинап, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындауға бағытталған сенімді қадамы болмақ.

Бұл мемлекетіміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттер қатарына кіруін қамтамасыз ету жолындағы Жолдау, алдыңғы кезеңдегі нақты мақсаттарды жүзеге асыруды белгілеп қана қоймай, барлық қазақстандықтарды «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының аясындағы «Қазақстан — 2050» Стратегиясын орындауға топтастыратын күш.

Елбасы Жолдаудың аясында дамудың бес негізгі басымдықтары ретінде ұлттық экономикамыздың технологиялық жаңғыртуы, іскерлік ортасын жақсарту, макроэкономикалық тұрақтау, адам капиталы сапасын жоғарлату, ұлттық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мен сыбайлас жемқорлықпен күресу белгіленген.

Мемлекетіміздің стратегиялық мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Осыған орай, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру үшін әр өңір жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Оның ішінде, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру арқылы салық түсімдерін ұлғайту – мемлекеттік кірістер оргындарының қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі деуге болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңайландырудың маңызы өте зор. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою арқылы салық төлеушілердің уақытын үнемделуіне жағдай жасауға бағытталған. Бұл орайда, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру кезең-кезеңімен көзделіп отыр.

Бүгінгі күні салық төлеушілерге салық есептіліктер нысандарын оңтайландыра отырып, сандары қысқаруда. Сондай-ақ, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою өтінішін беру тәртібінен хабарламалық тәртібіне ауыстырылады.

Елбасымыз салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп,   шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейту бойынша нақты міндеттер қойды. Қазіргі таңда салық жеңілдіктерін оңтайландыру, жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімдерін жаңаша қарастыру және салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру қажеттілігін айтып өтті. Соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды шешу Жолдауда нақты тапсырылды.

Осы ретте, ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаражаттың басым бөлігі мемлекет қазынасынан жұмсалатындығын ескерсек, Мемлекеттік кірістер оргындарының, Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындаудағы орнының ерекшелігін, оларға қойылған міндеттер мен талаптардың маңыздылығын айтып өту қажет деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты кезекті Жолдауынан туындаған міндеттерді, еліміздің экономикасын одан да арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы мақсатымызға жету үшін бірлесе еңбек етуге тиістіміз.

Б.Разиева,

Сырым ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы