7.09.2017, 15:49
Қараулар: 540
“Қауіпсіз интернет” акциясы өткізілмек

“Қауіпсіз интернет” акциясы өткізілмек

09.07.09.17Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын іске асыру мақсатында «Кәмелетке толмаған қыз балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау, зорлық-зомбылық және жыныстық қатынас қылмыстарын болдырмау» тақырыбында мектептерде жоғары сынып оқушыларымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандық аурухана, ішкі істер бөлімінің мамандарының қатысуларымен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, мектептердегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары осы мәселе бойынша түсінік жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Жастардың отбасылық құндылықтар туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жанұя» кинофильмінің көрсетілімі болды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын іске асыру бойынша балалар порнографиясы туралы ақпаратқа қызығушылық танытқан және кәмелетке толмағандарға қатысты нәсіпқұмарлық қылмыстың алдын алу мақсатында аудан бойынша, интернет ресурстары мен әлеуметтік желі парақшаларына мониторинг жасалды және жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев және жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептегі оқушыларының әлеуметтік желідегі тізімі жасақталып, теріс қылық   көрсеткен оқушылар анықталмады және барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүйелі түрде мониторинг жасалуда.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз интернет» акциясы Сырым аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек айында өткізіледі.

Үлкендер балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау үшін балаларына қажетті әрекеттерді және жүріс-тұрыс элементтерін үйретуі қажет. «Болмайды» дегеннің бес негізгі ережесі:

— Бөтен адамдарды үйге кіргізуге, далада сөйлесуге болмайды.

— Олармен бірге лифт және подьездге кіруге болмайды.

—   Бөтен адамның машинасына отыруға болмайды.

— Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға болмайды.

— Қаранғы түскен уақытта жалғыз қалуға болмайды.

Құрметті ата-аналар! Сіздер балаларыңызға өте жақын боласыңыздар, Сол себепті балаларыңызға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында, көшеде танымайтын тұлғалармен сөйлесуге, үйде үлкендер болмаған жағдайда танымайтын адамдарды үйге кіргізуге (су ішіп алу үшін, телефон арқылы хабарласу үшін, немесе ата-аналарына хат тастап кету үшін), танымайтын бөгде авто көліктерге мінуге, бос уақыттарында және түнгі уақыттарда көшеде жүруге, сабақтан өзімен бірге оқитын достарымен бірге қайту туралы Ережелерді сақтауды үйрету қажет.

Сол секілді, балаларыңыздың ұялы телефондарында (WhatsApp, Instagram) бағдарламасы арқылы байланыстарын бақылауды, бөгде адамдар үйіне қонаққа шақырғанда, автокөлікке мінуді сұранған жағдайда, мектепке немесе бала-бақшаға олардың ата-анасының аттарынан бөгде адамдар келген кездерде, көшелерде тәтті тағамдар ұсынған жағдайда, танымайтын адамдар өздеріне керекті көшені көрсетуді сұранған жағдайда балаларыңызға әрдайым «ЖОҚ» деген жауап беруді үйретулеріңізді сұраймыз.

Осы ережелер қайғылы жағдайдан аулақ болуға көмектеседі!

Досжан Тайшиев,

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар