7.09.2017, 15:47
Қараулар: 258
Тәуелсіздік жылнамасындағы тың бағыт

Тәуелсіздік жылнамасындағы тың бағыт

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр. Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.

Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.

Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек.

Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.

Жеке адамның, әлеуметтің рухани жаңғыруы өмірге, уақытқа ақыл парасатымен, білімімен бейімделе білуде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға, уақытқа ақыл парасатымен, білімімен бейімдейтін ұлттық қасиеттер мен құндылықтар. Атап айтсақ ұлттық сана, тарихи (тарих туралы) білім, ұлттық тәрбие, имандылық, тектілік және т.б. Бұлар жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухан жаңғырудың биігіне жете алмайды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарих тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» Сондықтанда халық игілігін зерделеген адамға алға қойған мақсат, өзі бағындырған белес, шыққан биігі қабілеті, білімі, шығармашылығы арқылы келуі тиіс. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы, зиялы адам ретінде танытатын қасиет жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.

А.Баяндықов,

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар