7.09.2017, 15:42
Қараулар: 307
Экспедиция аттанды

Экспедиция аттанды

05.07.09.17Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты, сонымен қатар, дала реформаторы, шешен, батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына орай Сырым ауданының делегациясы 4-10 қыркүйек аралығында Сырым бабамыздың зираты жатқан жерге араға 10 жыл салып «Жымпиты- Нүкіс-Гүрлен-Үргеніш» бағытындағы экспедицияға аттанып кетті.

Жымпиты-Нүкіс-Гүрлен-Үргеніш» тарихи-танымдық экспедициясының құрамында С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры, делегация жетекшісі А.Ойшыбаева, Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов, Жәңгірхан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Н.Төлепов, Сырым Датұлының ұрпағы Р.Зинуллин, экспедиция мүшесі К.Ессұлтанов бар. Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев экспедиция мүшелеріне қоржындарының тың деректермен толығатынына сенім білдіріп, сәт сапар тіледі. Салтанатты шара Сырым аудандық мешітінің наиб имамы А.Оңаевтың экспедиция мүшелеріне ақ жол тілеп, бата беруімен аяқталды.

Мархат Тұрланқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар