29.08.2017, 10:33
Қараулар: 428
Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

02.29.08.17Аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет тақтасының» жанында салтанатты жиын өтіп, тақтадағы ауданның үздік ұстаздарының есімдері жаңартылды.

Салтанатты шарада аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева құттықтау сөз алды. Суреті мен есімі құрметті тақтадан орын алған отыз ұстаз марапатталып, оларға сый-сияпат жасалды.

Үздік ұстаздар атынан Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің директоры Нұржауған Құлмұханова құттықтау сөз сөйледі.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА