29.08.2017, 10:05
Қараулар: 395
Бірлігі бекем елдің – іргесі мықты

Бірлігі бекем елдің – іргесі мықты

Тәуелсіз Қазақстан елінің құқықтық негіздерін қалыптастыру –бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.Әрине Заңға сүйенген,заң жолымен ғана алға басқан мемелекеттің болашағы өміршең.Оны әділ төреші уақыттың өзі-ақ дәлелдеп келе жатыр.   «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында мемелекет басшысы қоғамдағы тұрақтылықтың берік кепілдігін, заңның үстемдігін, қоғам мен мемелекеттің мүддесін мүлтіксіз сақтау, қазақстандықтардың құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын. Заң орындалуымен, халыққа пайдасын тигізумен құнды, сапалы екенін жақсы түсінеміз. Сондай заңдардың бірі – «Медиация туралы» заңы.

«Бірлік түбі-береке» деп Майқы би бабамыз айтқандай, бірлігі жарасқан елдің әрқашанда тірлігі жарасады. Жекелеген азаматтардың бірлігі мен татулығы, тәуелсіз еліміздің іргесін одан әрі бекітіп, мәртебемізді биікке көтеретін заңдарымыз да соған орай жасалуда. Оған дәлел 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған «Медиация туралы» заңын айтуға болады. Бұл Заңның негізгі мақсаты даулашушы екі тарапты да қанағаттандыру болып табылады.

Ал осы «Медиация туралы» заңын –өміршең етуде, халықтың қалауына айналдыруда медиаторлардыңда үлесі бар. Кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың беделіне, біліміне, өзіне келген адамдармен тіл табыса алуына, сөзін жеткізіп, бітімге келтіре алуына қарап халықтың да медиацияға деген түсінгі қалыптасуда десем артық айтпағаным болар. Медиацияны кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жүргізеді. Кәсіпқой медиаторлар — бұл медиацияны оқытып-үйрететін (үйренген) арнайы орталықтан оқып, қолдарында тиісті сертификаттары бар азаматтар. Ал кәсіпқой емес медиаторлар, бұл жастары қырыққа толған, жергілікті халық арасындағы беделі жоғары, кәсіби емес медиаторлар есебінде тұрған азаматтар. «Медиация туралы» заңының 165- талаптарына сәйкес, медиаторлық қызмет атқаратын адамның жеке куәлігінің көшірмесі, наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларымен сотталмағаны туралы анықтама болса оған кәсібқой емес медиатор деген атақ 10 күн ішінде беріледі.

Пенде болғасын арада ұрыс-керіс, дау-дайман болатыны жазылмаған өмір заңы. Егер тарихқа үңіліп көз жіберсек халық, арасында жер дауы, жесір дауы, мал дауы секілді дауларды қазақ билері шешкені тарихтан белгілі. Бітімге келуі, татуластыру, бір-біріне кешірім жасау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дала заңдары өмірге келген. Бұл Заң қазақ халқының дәстүрлі билері мен ата-бабалар жолымен дәріптеген, дәстүрлі әдеп-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамдар болған.

Тарихқа терең оймен қарасақ, қазақ даласында билердің үлкен маңызға ие болған жағымды да асқақ бейнесі 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың бірінші жартысында болған. Олар тек үлкен беделге ие болып қана қоймай қазақ мемлекетіндегі басты тірек бола білді.

Билер жөнінде халық аузында Төле би –тауып айтады, Қазбек би-қазып айтады, Әйтеке би -жарып айтады десе, немесе Қазбек айтса-құптамасқа, Әйтеке айтса-құлақ аспасқа, Төле айтса –төресі осы деп жығыла кетпеске лаж жоқ деген асыл сөздер қалған.

Төле би бабамыздың «Би-төрттің құлы; адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік» деген қанатты сөзін еске алып, дана би бабаларымыздың көрсетіп берген әділдігі мен ұстанымдарын біліктілігі мен білгірлік турашылдық қасиеттерін кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге етіп ұсынсақ нұр-үстіне нұр болар еді.

А.Батыршин,

Жымпиты ауылдық округі әкімінің жанындағы

медиатор мүшесі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар