29.08.2017, 9:52
Қараулар: 457
Балаларды қуантуда

Балаларды қуантуда

06.04.08.16Жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешенінде «Мектепке жол» акциясы аясында «Менің таңдауым -балаларға көмек көрсету!» қайырымдылық марафоны болып өтті. Қайырымдылық акцияда Сарой ауылдық округ әкімі аппараты, Жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешені ұжымы, Шағырлой ауылдық мәдениет үйі, ауылдық фельдшерлік амбулатория ұжымы, «Жомарт»шаруа қожалық жетекшісі М.Тұрмұханбетов, «Мирас» шаруа қожалық жетекшісі Н.Сейтов,жеке кәсіпкер А.Жакиева көп балалы және аз қамтылған жанұялардың мектеп жасындағы балаларына мектеп формасына және оқу құралдарына демеушілік көрсетті.

Л.Тулембекова,

ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешенінің әлеуметтік педагогі

*       *       *

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол акциясы аясында «Менің тандауым- балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық марафоны өткізілді. Бұл шараға ауыл әкімі,мектеп әкімшілігі, демеушілер және ата-аналар қатысты.

Аудандық ауылшаруашы­лық бөлімі 2 балаға, Жетікөл ауылдық округінің әкімшілігі мен Қазпочта бөлімі 1 балаға, мәдениет үйі және мал дәрігерлік бөлімі 2 балаға, мектеп әкімшілігі 2 балаға демеушілік жасап сөмке таратты.

Сондай-ақ ауыл кәсіпкер­лері Амантай Жамбылов, Ғалым Сүлейменов және Айман Құбашева да балаларға демеушілік жасады. Барлығы 10 балаға көмек көрсетілді. Қайырымдылық акциясы алдағы уақытта ауылымызда жалғасын табады.

Ақгүл НЫсанғалиқызы,

ЖББ Сырым орта мектебінің

әлеуметтік педагогы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар