24.08.2017, 16:18
Қараулар: 469
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

02.06.04.17«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге аудан орталығындағы «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағы және құрылыс саласында еңбек етіп жүрген жастар қатысты.

Аталған дөңгелек үстелде жастар өздерінің көкейіндегі жүрген сұрақтарға жауап алып, сыбайлас жемқорлыққа деген өз көзқарастарын білдірді. Дөңгелек үстелде Сырым ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі кадр қызметі бөлімінің бас маманы Е.Утепов жастарға баяндама жасады. Е.Утепов өз баяндамасында құрылыс саласында кездесетін қылмыстар туралы, «Парасыз болашаққа! Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мобильді тобының жұмысына тоқталды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында және сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары туралы айтып, автомобиль жолдарының құрылысына бюджеттен бөлінген қаржыны тиімсіз жұмсау және жол құрылысында жұмыс жасап жүрген жұмысшылардың сатып алынған жанар-жағар май сату секілді мәселелерді көтерді.

Жастар CALL-центр 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталығы жұмыс жасайтыны туралы білді. Өткізілген дөңгелек үстел аясында, жастарға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы түсінік берілді.

Өз тілшімізден