10.08.2017, 10:29
Қараулар: 328
Бес ауылдық округтің әкімі жаңадан сайланды

Бес ауылдық округтің әкімі жаңадан сайланды

01.10.08.17Сырым ауданында мерзімі келген Алғабас, Бұлан, Елтай, Жосалы, Сарой, Талдыбұлақ және Шолақаңқаты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауалды отырыста Сырым аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов таңдаушыларға дауыс беру тәртібін түсіндірді.

Жоғарыда аталған округтердің әкімдіктеріне үміткер ретінде ауданда 21 үміткер тіркелген. Олар осыған дейін аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың алдында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Сайлауда үміткерлер үшін дауыс беруді халықтың өкілдері ретінде аудандық мәслихаттың депутаттары жүргізді. – Аудандық мәслихат депутаттары білімді, іскер және қабілетті үміткерлерге таңдау жасады. Біздер таңдау жасағанда жергілікті халықтың мүддесін толық ескеруге тырыстық. – деді аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева өзінің сайлаудан кейін берген сұхбатында.

Аудандық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын жариялады. Сырым ауданында 5 ауылдық округтің әкімі жаңадан сайланды. Енді Алғабас ауылдық округі бойынша Мейірбек Хасанов, Бұлан ауылдық округі бойынша Тимур Кубаев, Елтай ауылдық округі бойынша Қайырбек Аманғалиев және Сарой ауылдық округі бойынша Айбол Жакиев ал, Талдыбұлақ ауылдық округ бойынша Жанболат Мұхамбетжанов округ әкімі қызметін атқаратын болады. Жосалы ауылдық округінің әкімі Қобыланды Ғабдешов пен Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Тимур Айтқалиев өз лауазымдарына қайта сайланды.

Аудандық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын аудан әкіміне ұсынады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы