10.08.2017, 10:19
Қараулар: 378
Елтайда жаңа әкім

Елтайда жаңа әкім

02.10.08.17Дүйсенбі күні өткен әкімдердің сайлауының қорытындысына сәйкес Елтай ауылдық округінің әкімі жаңадан сайланды. Кеше Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Елтай ауылдық округінің тұрғындарына округтің жаңа әкімі Қайырбек Аманғалиевті таныстырды.

Қайырбек Аманғалиев – ауданның басында негізгі салаларды жүргізіп көрген маман. Жиналыста сөз сөйлеген аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Дарғожиев жаңа әкімнен жаңалық, жаңа серпін күтетінін айтты. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Үкиевтің «Ел басқару оңай емес, тілін тапсың қиын да емес» деген сөзі де өте орынды айтылды.

Елтайлықтардың елге әкім барса айтатын мәселесі көп емес. Оның біреуі – жол, екіншісі – ұялы байланыс. Ауылдың әлеуметтік тиімділігі осы екі мәселеге тіреле береді. Ауыл тұрғындары жерлестері, Кеңес Одағының батыры Николай Майдановтың есімін мәңгілетуге де жаңа жоспарлар құрып қойған. Жоспарды жолға қою үшін аудан әкімі Т. Төреғалиев округ әкіміне жерлестер форумын өткізуді тапсырды.

Елтай ауылдық округінің әкімі Қайырбек Аманғалиев әріптестерімен кездесті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Елтай ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар