10.08.2017, 10:17
Қараулар: 367
Ел ертеңі – білікті мамандар

Ел ертеңі – білікті мамандар

04.10.08.17Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының қара шаңырағы, ауыл шаруашылық саласының ордасы Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ студенттеріміз. Болашақ мамандығымыз «Өсімдік қорғау және карантин».

Бұл мамандық бойынша бiтiрушiлер әкiмшiлiк құрылымдарда, фирмаларда, кооперативтерде, акционерлiк қоғамдарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде, ғылыми-зерттеу институттарында, кедендiк тауар биржаларында жұмыс орындарында қызмет ете алады. Университетіміздің бастамасымен Сырым аудандық аумақтық инспекциясынан машықтан өтіп жүрміз. Бұл біз үшін аса маңызды. «Ауыл шаруашылығы» мамандарын даярлаушы ретінде аса маңызды құжаттармен таныстырылып, заманауи үлгідегі базалар бойынша оқу-іс тәжірбиесінен өткізуде. Білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты студенттерді жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында әр студенттің дарындылығын айқындап, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасалуда. Өсімдік қорғаушы мамандары ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ауыл шаруашылық дақылдарын жаңа технологияны енгізіп, жаңа препараттарды зиянкестерге, кеселдерге, арамшөптерге қарсы қолдануға, жоғары сападағы тұқымдарды даярлауға және жұмысын ұйымдастыруды практика жүзінде қолданып келеміз.

Мемлекетіміз болашақ жас мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ студенттердің де келешекте атқаратын мамандығына сай бағыт бағдар беруді үнемі назарда ұстайды. Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар болашақ білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы айтқандай, осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызымыз деп санаймыз.

Нұржауған Есен, Али Утепов, Лаура Биктурганова,

Сырым аудандық аумақтық инспекциясынан машықтан өтушілер, Жәігір Хан атындағы БҚАТУ студенттері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар