10.08.2017, 10:13
Қараулар: 434
Елдің мүдесіне адал еңбек

Елдің мүдесіне адал еңбек

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің   «Қазақстан 2030» Барлық   Қазақстандықтардың   өсіп   өркендеуі , қауіпсіздігі   және   тұрмыс   жағдайының   жақсаруы деп   аталатын Жолдауында   сыбайлас   жемқорлықпен аяусыз   күресті   басты   мақсаттар қатарына қойған, оны   құқықтық   мемлекет орнатудың   шарты деп   санаған.

Бұл бағыттағы   жұмыс   Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың   қатаң   бақылауына   алынған, ол   сыбайлас   жемқорлықпен   күресті   жетілдіруді   талап   етіп отыр.Сыбайлас жемқорлық   мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.Біздің мекемеде сыбайластық жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу басты назарда.Жыл басынан бері жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. 2017 жылдың 6 айында жеке тұлғадан тұрғын үй мәселесіне қатысты 4 өтініш түсіп, уақытында жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету аясында еңбек гигиенасы бойынша -7,коммуналдық гигиена бойынша-2 барлығы 9 жобаға сараптама жүргізіліп, 2 жобада (Радио электронды құрал жабдығын орнату жобалық құжаты бойынша) ауытқушылық анықталып,7-уіне қорытынды берілді. 7 обьектіге оның ішінде тамақтану гигиенасы-3,балалар жас өспірімдер гигиенасы-1, коммуналдық гигиена -3 санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілді. «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалында бизнес ортаға құқықтық түсіндіру мәселесі бойынша жеке кәсіпкерлерді және азаматтарды қоғамдық қабылдау жүргізіліп,12 адамға әр түрлі мәселелер бойынша жауап берілді. Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету және жұқпалы аурулардың алдын алу,салауатты өмір салты туралы түсіндірме жүргізу мақсатында жүйелі түрде халықпен кездесу өткізіліп тұрады. Аудандық ҚДСБ мамандарымен 18- семинарлық сабақтар өткізіліп,материалдар ҚР ДСМ ҚДСК БҚО департаментінің веб-сайтына жариялауға жолданды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесін көтеру үнемі жүргізіліп отырады. ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы 100 нақты қадам бағдарламасына сәйкес,Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру және кәсіби талаптарды күшейту мақсатында   басқарманың 6 қызметкері кешенді аттестаттаудан   өтіп,аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімінің хаттамасына сәйкес атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді деген баға алды.Мекемеде азаматтардан арыз-шағымдарды қабылдауға арнайы жәшік орнатылған,21-4-95 сенім телефоны жұмыс жасайды. Сыбайластық жемқорлықтың алдын алуға қоғам болып үлес қосуымыз қажет.

Л.Муканова,

аудандық ҚДСБ бөлім басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар