3.08.2017, 10:53
Қараулар: 376
Балаларды асырау ата-ананың міндеті

Балаларды асырау ата-ананың міндеті

02.03.08.17Елбасының «Қазақстан — 2050» Стратегиялық Жолдауында «Баланы қорғау», оның ішінде жалғыз басты аналарды қорғау, алимент төлемегені үшін жауапкершілікті күшейту туралы мәселені алға тартады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінде отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары жайлы анық көрсетілген. Осы кодекстің 138-бабында ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi айқын көрсетілген: «Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға мiндеттi». Аталған кодекстің 171-бабында алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған кезде кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді. Егер ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында алименттерді төлеу тәртібі және мөлшері туралы келісім құрастырылса, онда іс жүзінде төлем келісуге сай келуі керек. Егер алименттерді төлеу туралы келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді.

Алименттер ай сайын мынадай мөлшерде төленуі тиіс:бір балаға – ата-анасының еңбекақысынан және/немесе өзге табысының (1/4) төрттен бірі; екі балаға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының үштен бірі (1/3); үш және одан да көп балаларға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының жартысы (1/2).

Кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.

Алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуіші «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.

Борышкердің алимент төлеуден әрбір жалтару әрекеті үшін заңда қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктері көзделген. Мысалы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-шы бабының 1-бөлігіне сәйкес, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы – екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығы көрсетілген.

Н.Қайыржанова, Сырым аудандық Әділет басқармасының

басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар