3.08.2017, 10:50
Қараулар: 292
Жемқорлыққа тосқауыл

Жемқорлыққа тосқауыл

Сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміз үшін өте күрделі мәселе ғана емес, ол үлкен әлеуметтік қасірет болып отыр. Сыбайлас жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын қылмыс, әрі ол жер жүзіндегі барлық елдерді қатты алаңдатып отыр.

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қасиетті сөз осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы айтылғаны да белгілі. Әділдік пен турашылдықты ту еткен ата-бабаларымыздың есімдері, қара қылды қақ жарған билік-шешімдері бүгінгі күнде тарихымыздан белгілі. Қанша уақыт өтіп, бірнеше ұрпақ ауысса да сыбайлас жемқорлықтың түп тамыры жойылмай отырғаны, заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететіндей.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысына негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлкті иеленіп алу немесе ысырап ету, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, жалған жауап беру осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық байланысты пайдалану арқылы жасалады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен   сапасын арттырудың маңызы зор. Әр азамат өз құқығын жетік білсе, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы келетін іс-әрекет жасалаған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін, нақты заңды жолдарын білсе, қоғамда конституциялық тәртіптің орнауына өз үлесін қосқан болар еді. Қоғамның мемлекетке деген және институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып қала бермек.

Манас Шайхиев,

Сырым ауданының ТЖБ-нің аға инженері

                           азаматтық қорғау майоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар