3.08.2017, 10:47
Қараулар: 329
Атыраулық автожорықшылардың аудандағы сапары

Атыраулық автожорықшылардың аудандағы сапары

05.03.08.17Сырым ауданында Атырау облысынан бастау алған Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласына орай ұйымдастырылған “Қарой-Шейітсай-Қарой” атты автожорықтың қатысушылары болды. «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бастаған автожорықшылар Атырау облысының аудандарының «Нұр Отан» партиясының филиалдарының төрағаларының бірінші орынбасарларымен, тарихшылармен, журналистермен толыққан. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын автожорықшыларды аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев қарсы алды.

Ауданға келген қонақтар Қадыр ескерткішін, Алаш саябағын, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асыланбек Сарқұловқа алғысхат табыстаса, А.Сарқұлов атыраулықтарға «Оралбек батыр», «Абдолла» кітаптарын сыйға тартты.

Ш.ЯУДАҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар