3.08.2017, 10:42
Қараулар: 385
Керемет әсер алдық

Керемет әсер алдық

07.03.08.17Бірнеше жылдық тарихы бар EXPO көрмесі биылғы жылы Астананың төрінен орын алды. Әр елдің салты мен жетістігін, ғылыми еңбектерін қамтыған шара биыл 2017 жылы Қазақстанда кең ауқымда өтуде. Шетелдік туристер, жергілікті тұрғындар және Қазақстанның түкпір-түкпірден келген қала қонақтары EXPO-2017 көрмесінде жолықты. Халықаралық көрмеден Сырымдықтар да шет қалмады.

Өз басым EXPO-2017 көрмесінен керемет әсер алдым. Табиғаттың қуаттылығы осынша жоғары екенін біліп таң қалдым. Әр елдің павильонын аралап сол елде жүргендей әсер алдым. Керемет лазерлік шоулардың куәсі болдым. Өзіме Қазақстанның павильоны қатты ұнады. Бір сөзбен айтқанда EXPO ғажайып шара. Басқа жерлестеріме де мүмкіндік болса Астанаға EXPO-2017 көрмесін өз көзімен көріп, тамашалауға шақырамын.

   Ақбота Өміржанова,

     8-сынып оқушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар