20.07.2017, 11:50
Қараулар: 372
“Ашық есік” күндерінің нүктесі қойылды

“Ашық есік” күндерінің нүктесі қойылды

03.20.07.17Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Ашық есік» күнімен Жымпиты ауылдық округінің Бірінші май және Өлеңті елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесті. Округ әкімі Қайрат Төлепов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Тұрғындарға міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, ауыз су мәселесі, жолды күтіп ұстау, электр жарығы, қоғамдық тәртіп, мал басын бірдейлендіруге қатысты тиісті сала басшылары түсінік берді. Бірінші май елді мекенінде тұрғындар бөгетті бөгеу мәселесін көтерсе, Өлеңті ауылында жол, көше жарығы мәселесі, Өлеңті өзеннің арғы бетіндегі Күсепқалиев көшесіне газ, су тарту мәселелері көтерілді. Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы Бірінші май елді мекенінде 300 басқа арналған база салып жатқан «Хамза» шаруа қожалығының жұмысымен, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің ауласын абаттандырып, өрнектас төсеу жұмыстарымен, жаңа кейіпке енген мектеп мұражайымен танысты.

Аудан орталығы Жымпитыда өткен жиында тротуар, әмбебап спорт алаңын салуға қатысты тұрғындар тарапынан сауалдар қойылды. Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып қайтқан ардагер ұстаз К.Федянин көрмеден алған әсерімен бөлісті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Т.Төреғалиев тұрғындардың сауалына жауап берді.

Ш.ЯУДАҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар