20.07.2017, 11:47
Қараулар: 332
Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы

04.20.07.17Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев төрағалық етті. Кеңестің күн тәртібінде үлкен бес мәселе қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Роза Тахамбетова мәлімдеді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Журалиев аталмыш бөлімнің жұмысымен таныстырды.

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов пен Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин «Ауылдық аймақтың санитарлық тазалығы мен елді мекенді көркейту жұмыстары» туралы баяндама жасады.

Аудандағы жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Өтеген Уашев баяндады.

Қоғамдық кеңес барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, пікір айтылды.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар