20.07.2017, 11:45
Қараулар: 587
“Қынық” кафесі шақырады

“Қынық” кафесі шақырады

02.20.07.17Былтырғы жылы, яғни 2016 жылдың жазынан бастап Алғабас ауылында «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен қоғамдық тамақтану орны ашылды. Елбасымыздың шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен алға қойылған бағдарлама бойынша мемлекеттен 3 млн-ға жуық кепілсіз несие алған кафе басшысы бүгінде өз жұмысын дөңгелетіп отыр. Қоғамдық тамақтану орны кейіннен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша автокешенге ұлғайтылды.

Кафе Самара- Шымкент маңызды тас жолының бойында орналасқан. Мұнда асхана, қонақүй, монша және автосервис жолаушылар үшін қызмет жасайды. Былтырдан бастап кафеде үш кісі тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Кафе басшысы бұл орынға көбінесе жолаушылар қонақ болатындығын айтып отыр. Сонымен қатар, украин, өзбек, орыс, ағылшын сияқты ұлт өкілдері мен әр елден келе жатқан саяхатшылар осы «Қынық» кафесіне аялдайды. Ауыл адамдары да ауылдан 2 шақырымдай жерде орналасқанына қарамай, туған күн кештерін, шағын басқосулар жасауға келіп тұрады.

Өзінің кәсібін шағын наубайханадан бастаған Гүлнар Белхаирова — жолаушылар үшін өте пайдалы іспен шұғылданып отыр. Жолаушылар ұзақ жолдан шаршаған немесе көлігі сынған кезде «Қынық» кафесі таптырмайтын орын деуге болады.

Тәуекелге бел буып жасалынған экономикалық әрекет, яғни кафе ашу мәселесінде бірқатар қиыншылықтар болса да, кафе басшысы әр істе төзімділік пен тұрақтылық және ең бастысы- еңбекқорлық қажет екендігін айтып отыр.

Анар САТҚАН,

Алғабас ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар