20.07.2017, 11:43
Қараулар: 276
Астана — бас қала

Астана — бас қала

?????????Бүкіл әлем назары көз тіккен «ЭКСПО» көрмесін, еліміз үлкен толқыныспен қарсы алуда. Өйткені бұл елімізге жүктелген үлкен жауапкершілік. Өзім әзірге осы көрмені араламасамда БАҚ — тан көргеннің өзі үлкен әсер қалдыруда. Еліміз үшін әрбір келген қонақтың пікірі маңызды. Елбасымыз осы көрмеден соң бізді үлкен өзгеріс күтіп тұр деген болатын. Оң өзгерістердің бастамасы болғалы тұрған бұл көрме, әлем жұртшылығын алаңдатып отырған энергия көзін дұрыс пайдалануды және жаңа технологиялар арқылы жахандық проблеманы шешуге септігін тигізері анық. 5 миллион қонақты қарсы алу, бұл рекордтық көрсеткішті көрсетіп отыр. Көрмені тамашалауға барған жерлестеріміз әр мемлекеттің павилиондарымен танысып алған әсерлерімен бөлісіп жатты. Мен де еңбек демалысымда арнайы көрмені тамашалауға барғалы жатырмын. Себебі елімнің жауапкершілігі, менің жауапкершілігім. Мұндай ауқымды шараның қатарынан менің де табылуым міндетті іс.

Жасұлан Ойшыбаев,

ЖББ Көздіғара НМ мұғалімі

*     *     *

«ЭКСПО» мен үшін әлем көрмелерінің ішіндегі ғажайып әлем іспеттес. Тап бір басқа әлемге келгендей болдық.Табиғаты таңғалдырарлықтай.Басқа елдерге мүлдем ұқсамайтындай ерекшелік байқалады. Үлкен сфераның өзі ерекше, қазақ елінің фантазиясы мен логикасының даму көрсеткіші. Менің көрмеден алған әсерім өте керемет. Жалпы бәрі ұнады.Достарымның бәрімен танысып кеттім. Кеткенде бәріміз бір-бірімізбен қимастық сезіммен қоштастық. Жетекшілеріміз де бізді түсініп, қамқор болды. «ЭКСПО-2017» болашақ энергиясы мен үшін ең тамаша көрме және де ғажайып әлем.

Манас Лекен

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар