20.07.2017, 11:36
Қараулар: 463
Ұлттың ұлы тұлғасы

Ұлттың ұлы тұлғасы

05.20.07.17Бұлан ауылдық кітапханасы мен аудандық балалар кітапханасы бірлесе «Достық» демалыс лагерінің балаларымен қазақтың қайсар ақыны, ұлттың ұлағатты ұраншысы Мұхтар Шахановтың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты жыр кешін ұйымдастырды.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық қызметін ауыл кітапханашысы Әсия Сағатқызы баяндап, «Жігерлендіру», «Қалдаяқов өзені», «Желтоқсан алаңы», «Төрт ана», «Жаңа қазақтар» өлеңдерін лагерь демалушылары Ұ.Айнамкөз, А.Әлия, Т.Динара тағы басқалары мәнерлеп оқыды. «Қайсар тұлғалы ұлы ақын» тақырыптағы шығарылған кітап көрмесіне аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы А.Алғалиева шолу жасап, «Төрт ана», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Махаббатты қорғау» тағы басқа ақынның туындыларын оқуға кеңес берді.

Ә.Аманбаева,

Бұлан ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Жазғы демалыс

Басқа да мақалалар