13.07.2017, 15:39
Қараулар: 359
Экспедиция сапардан оралды

Экспедиция сапардан оралды

06.13.07.17Астана күні қарсаңында Алаш саябағында Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай 5-10 шілде аралығында «Жымпиты-Мәскеу» бағытындағы экспедицияны шығарып салу рәсімі өткен еді. Шараға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, Батыс Алашорда астанасы болған Жымпиты үшін бұл экспедицияның маңызы зор екенін атап, жол жүргелі отырған экспедиция құрамына сәт сапар тілесе, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Тажмұқан мен алаштанушы Д.Сүлейменовалар сөз сөйледі.

«Жымпиты-Мәскеу» бағытындағы экспедицияның жетекшісі Сырым Датұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева. Бұдан бөлек экспедицияның құрамында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәметкен Сүлейменова, Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Бақытжан Сабыралиев, жалпы білім беретін Бұлан орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Серік Зиятов, «Сырым елі» газетінің тілшісі Бауыржан Ширмединұлы, №11 С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Әмина Төлешовалар бар.

Олар 5-10 шілде күндері РФ астанасы Мәскеу қаласындағы Ж.Досмұхамедовтың сүйегі жатқан Бутово зиратында, сол сияқты бірқатар орындарда болды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар