5.07.2017, 10:45
Қараулар: 314
Сырым ауданының әкімі тағайындалды

Сырым ауданының әкімі тағайындалды

01.05.07.17Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Сырым ауданының әкімі болып Төлеген Серікқалиұлы Төреғалиев тағайындалды.

Кеше облыс әкімі Алтай Көлгінов аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХYІ сессиясына қатысып, Сырым ауданы әкімі лауазымына Төлеген Серікқалиұлы Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Сырым ауданын төрт жыл бойы басқарған, бүгінде Қазталов ауданының әкімі лауазымындағы Абат Шыныбековке абыроймен атқарған қызметі үшін облыс әкімі Алтай Көлгінов алғысын білдірді. Жаңадан тағайындалған Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевті аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Актив жиынында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Ерғалиева, қоғамдық кеңес мүшесі А.Жүсіпов, қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дүйсенғалиев ауданның бұрынғы әкімі Абат Абайұлына қимастық сезімдерін білдіріп, он жыл аудан әкімінің орынбасары қызметінде болып, бүгінде Сырым ауданының әкімі деңгейіне еңбегімен көтерілген Төлеген Серікқалиұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Қаналиев А.Шыныбековке әкелік батасын берді. А.Шыныбеков   өзі төрт жыл басқарған халқына қоян-қолтық қызмет атқарғаны үшін алғысын білдіріп, Сырым елімен қашан да мақтанып жүретінін айтса, Т.Төреғалиев өзіне жүктелген жауапкершілік жүгі мен сенімді ақтайтынын жеткізді.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар