5.07.2017, 10:40
Қараулар: 468
Жемқорлық – қоғамның құрты

Жемқорлық – қоғамның құрты

02.05.07.172015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңы 2015 жылы 24 қарашада «Ақпараттандыру туралы»Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталған. Осы заң аясында Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысына және Сырым ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №22 шешімімен Сырым ауданында Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бектіліп Жымпиты ауылдық округ әкімі аппаратында тиісті ашық деңгейде жұмыстар жүргізілуде.

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақовтың қатысуымен «Парасыз болашақ» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы жиын өткізді. Жиында азаматтардың сенімінің негізгі индикаторы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы екендігі айтылды.

Жемқорлықтың алдын-алу және оның салдарымен күрес аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның отырысында жоспарлы түрде қаралуда.

Жымпиты ауылдық округінің орталық алаңында «Парасыз болашаққа. Бірге!» форумы өтті. Форумға округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы плакаттарын алып шықты. Форумда жалпы халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстанып қолдауға шақырды.

Аудан орталығында сыбайластық жемқорлыққа қарсы тақырыптағы 2 баннерді әзірленіп, жол бойындағы белдеулерде, адамдар көп жиналатын жерлерде орналастырылды.

Округ әкімі аппаратында тұрақты түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа олардың ашықтығы мен сапасы туралы ақпарат уақытылы ұсынылып тұрады.

Жемқорлыққа төзбеушілік туралы жадынамалар халыққа таратылды және плакаттар ілінді.

Жымпиты ауылдық округ әкімі аппаратында «Жер учаскелерінінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» туралы, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» және «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» туралы мемлекеттік қызметтер ашық түрде көрсетіліп келеді. Жер алушылар кезегіндегі азаматтардың тізімі аудан әкімдігінің ресми сайтында және әкімшілік ғимараттың кіре берісінде орналастырылған. Тізім ай сайын жаңартылып отырады.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 19.10.2016 жылғы № 13 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес 2016 жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қортындысы жасалды.

Аталмыш қағидаға сәйкес ішкі талдауды өткізу ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланып отыр.

Округ әкімі аппаратының 1 қабатында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арыз-шағымдар жәшігі орнатылған. 31-2-18 «сенім телефоны» жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасының барлық аймақтары үшін Call – center — 1424 нөмірі жұмыс жасайды.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуі керек.

К.Тулепов,

Жымпиты ауылдық округінің әкімі, «Жымпиты» бастауыш партия ұйымының төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар