5.07.2017, 10:35
Қараулар: 601
Көргендер де арманда, көрмегендер де арманда

Көргендер де арманда, көрмегендер де арманда

05.05.07.17«ЭКСПО-2017» – бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі. Қазақ елі үшін зор мақтаныш, үлкен қуаныш. Менің ойымша, біздің елде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуі – бұл біріншіден, еліміздің мәртебесінің асқақтауы. Екіншіден, бұл – қазақ елінің өткен тарихын бүкіл әлемге мойындату. ЭКСПО – бүкіл елдің басын қосып отырған дүбірлі дода. Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналары сөзсіз. Астананың көркін одан әрі толықтырып, көз тартатын павильондар әлем туристерінің назарынан тыс қалмағаны анық. «ЭКСПО» көрмесіне енгенде, тап бір басқа әлемге келгендей болдық, табиғаты таңғарларлықтай, әрбір елден бір-бірлеріне ұқсамайтын ерекшелік байқалды. Үлкен сфераның өзі ерекше, ол қазақ елінің фантазиясы мен логикасының даму көрсеткіші жоғары екендігін көрсетті.

Менің ЭКСПО-дан алған әсерім өте керемет. Өзіміздің көрмеміз қатты ұнады. 8 қабаттың әр қабатында оттың, ауаның, сылдырлап аққан сулардың табиғи көрінісін өкруге болады. Әр елдің павильондарын аралап, салт-дәстүрімен таныстық.   Олар ұлттық аспаптарымен ұлттық билерін, сонымен бірге өздерінің әнұрандарын орындады. Билері, мерекелік концерттері ерекше әсерлі болды. Көптеген шетел азаматтарын көріп, олармен бірге суретке түстік. Жалпы барлығы ұнады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі – болашақтың энергиясы мен ең тамаша ғажайып әлем.

Гүлназ Нұржанова,

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта   мектебінің Әлеуметтік педагогы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар