5.07.2017, 10:08
Қараулар: 596
Жаз жайнатып, күн күлдіріп…

Жаз жайнатып, күн күлдіріп…

08.05.07.17Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі уақыттарын тиімді пайдаланып, ортаға бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсаттарында мектеп жанынан ұйымдастырылған «Жауқазын» жазғы демалыс лагерінде 4 кезеңде 90 оқушы демалды.

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін алдымен балалардың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында көптеген қызықты тренингтерді мектеп психологы Н.Алталиева жүргізсе тілдердің үштұғырлығын дамыту, сонымен қатар   «Жазғы тілдік мектептер» бағдарламасы аясында ағылшын, орыс тілдерінде әр түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды.

Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Ауғанов пен А.Абдрахманов лагерь кезеңдерінде күнделікті таңертеңгілік жаттығуды көңілді өткізіп, әр түрлі спорттық шаралар, ұлттық ойындар ойнатып отырды. Күнделікті балалардың денсаулығын тексеріп, нығайту мақсатында түрлі тақырыптарда   мектеп медбикесі Г.Құрманова дәріс оқып, кең ауқымды мағлұмат берді.

 Р.Ташенова,

Лагерь басшысы,

ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені

*     *     *

Жалпы білім беретін Жетікөл бастауыш мектебінде «Күн шуағы» жазғы лагері ұйымдастырылды. Лагерге мүмкіндігі шектеулі Айкөркем Есімова да қатысты. Лагерь жетекшілері А.Утешова мен Г.Махсотова балаларға әр түрлі тақырып бойынша тренинг, спорттық ойындар, сурет салу, табиғат аясында саяхат, сиқырлы сөздер, ән думан, тағы басқа қызықты ойындар өткізді.

А.ЕсҚазиева,

Жетікөл ауылының әлеуметтік қызметкері

Жазғы демалыс

Басқа да мақалалар