29.06.2017, 11:51
Қараулар: 642
Лагерь қызықтары

Лагерь қызықтары

14.29.06.17Аралтөбе орта мектебі жанындағы «Балауса» жазғы демалыс лагері балалар үшін тиімді жұмыстар атқарып келеді.

Лагерге барлығы 37 оқушы қатысады. Тәрбие ісі орынбасары К.Қуанышқалиева түрлі мәселелерге жіті мән беріп, лагерь жұмысын жан-жақты ұйымдастыруда. Атаулы күндер, қызықты тақырыптар назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» көрмесінің ашылуы туралы мағлұмат берілді. Машықкерлермен біріге отырып, ауыл маңындағы Шідерті өзені жағалауына саяхат жасалды. Лагерь демалушылары өзен маңындағы табиғат қызықтарын тамашалап, қызықты мағлұматтарға қанықты. Балапандарын ертіп, кербездене жүзген қос аққуды көрді. Сұлулық падишасы өзеніміздің тұрғылықты жандарына айналғандай.

Лагерь жұмысы барысында басқа да түрлі шаралар өтуде. Жоспардың балалар талғамына сай құрылуына және күнделікті орындалуын қадағалауда тәлімгер Назым Нұғманова белсене еңбек етуде. Жас маманның жұмысы көптің көңілінен шығуда.

Бала – біздің болашағымыз. Олардың балалық шағының бақытты өтуіне ат салысу біздің басты борышымыз. Лагеріміздің атқарар жұмыстары әлі де алда деп білеміз.

Арыс МЫРЗАҒАЛИЕВ,

Аралтөбе орта мектебінің психологы

*       *       *

Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінің оқушылары маусым айында 3-кезеңнен тұратын «Балдырған» жазғы лагерінде демалып, уақытын тиімді өткізе білді.

Жалпы лагерге барлығы 120 бала қамтылды. Оның 80%-ы аз қамтылған отбасылардан. Оқушылар «Лагерь аруы», «Жігіт сұлтаны», «Лагерь дауысы», «Менің елімнің жетістіктері» суреттер көрмесі сонымен қатар, спорттық ойындар мен интеллектуалды сайыстар өткізіп, жеңіске жеткен оқушылар марапатталды. Жоспар бойынша аудан орталығындағы тарихи мұражайларға саяхат жасап, саябақтарды аралады.

Әрқашан жайдарлы жүзді балғындардың көңілін кір шалмасын!

Шаттық ӘжІҒалиева,

Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп -балабақша кешенінің кураторы

*       *       *

Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балалардың жазғы уақыттағы демалыс сәттерін тиімді пайдалану мақсатында мектеп жанынан «Достық» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылды. Лагерьдің негізгі мақсаты   туған жердің патриоттарын тәрбиелеу, дарынды шәкірттердің талантын шыңдау, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу.   Бұл лагерьге 1-8 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. «Достық» жазғы демалыс лагерінде   қызықты толы әр түрлі шаралар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқушылар өз бойларына біткен өнерлерін көрсете білді. Бірі биге, бірі әнге, спортқа құмар болса, енді біреулері көрініс қоюға жақын болды.

Индира Құрмашова,

Жалпы білім беретін Қособа орта мектебі

 

Жазғы демалыс

Басқа да мақалалар